Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.02.2018

Ұстаздар Елбасы Жолдауын талқылады


№8 мектеп-гимназияда орналасқан «Алмалы-8»бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында ұжым жиналысы болып өтті. 



Жиналыстың күн тәртібінде, мемлекетіміздің дамуы және 30 дамыған елдердің қатарына кіруді жүзеге асырудағы негізгі 10 бағыт талқыға салынды. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасындабейбіт пен бірлік орнаған мемлекетте тұрып жатқандығымыз барлығына белгілі. Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы адами капиталға ерекше назар аударып, орта буын өкілдерінің өмірін жақсарту мәселесін де қолға алуды атап өткен. Яғни, орта буын өкілдерінің қатарында ұстаздар да бар.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, «Алмалы-8» бастауыш партия ұйымы төрайымы Сымбат Макишеваның айтуынша,  «IT-технология дамыған сайын білім сапасы да артуда. Интерактивті сыныптарда оқушыларға заманауи әдіс-тәсілдер үйретілсе, электронды білім жүйесі арқылы («Электронды күнделік») оқушылардың оқу үлгерімін бақылап отыруға болады». Жиналысқа 60-тан астам ұстаздар қатысып, Елбасы Жолдауына байланысты пікірлерін білдіріп, мәселелерді қызу талқыға салды.


09.02.2018