Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.03.2017

Алмалы ауданында «Қазақстанның танымал ханымдары» атты көрмесі ашылды


8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы мұражайында атақты қазақ аруларының портреті назарға ұсынылатын әйгілі, біртуар тұлғалардың көрмесі өтті. 



Аталмыш көрменің өткізілуіне Women of Kazakhstan бейкоммерциялық ұйымы «Алматы қаласы музейлер бірлестігімен» бірігіп  мұрындық болды. Игі шараның негізгі қызметі тарихтағы әйелдердің бірегей тұлғалары жайлы мәлімет жинау және оны тарату. Материалдарды жинақтау жұмыстары 1950 жылдан бастау алған және аталмыш топтама түбінде Қазақстандағы алғашқы әйелдер мұражайын құру үшін негіз болып табылмақ. 
Көрме Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен  Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Көрменің негізгі мақсаты – нәзік жандылардың бейнесін қала тұрғындары мен қонақтарына ұсыну, олардың кәсіби, өмірлік жетістіктерін насихаттау және жас ұрпақтың рухын көтеру.
Көрме аясында тарихи тұлғалар туралы шыққан еңбектер, ашық хаттар, төсбелгілер, маркалар, конверттер және күнтізбелер ұсынылды.
Аталмыш көрмені бірінші болып тамашалағандар: Ауданымыздың зейнеткерлері, студент жастар мен оқушылар.



Сонымен қатар, мереке аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті залында   Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінің     ұйымдастыруымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті. Концерттік бағдарламға №5571 Генерал" тобының әскери-үрмелі оркестрінің дирижері Елена Евтратенконың жетекшілік етуімен әскери бөлімнің дарынды жұлдыздары қатысып, тамаша өнерлерімен  келген қонақтармен бөлісті. 






09.03.2017