Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2018

Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова атындағы» саябақта Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталуының 73 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара ұйымдастырды








Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл ардагерлері үшін Жеңіс күнін тойлау Алмалы ауданында «Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова» атындағы саябақта жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтары соғыста опат болған бабаларды еске алып, ортамыздағы ардагерлерді құттықтау үшін жиналды.







Ауданның шығармашылық ұжымы қатысқан концерттік бағдарламаны Алмалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Сахна төрінде әскери жылдардағы әндер шырқалды. Одан басқа, дәстүрлі әскери ботқа  пісірілген дастархан жайылды. Шараға Ұлы Отан соғысы мен  тыл ардагерлері, Ауғанстан мен жергілікті соғыс ардагерлері шақырылды.  Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен жандарға құрмет көрсетіп, ықылас білдіру.





Мұндай сипаттағы шаралар ардагерлерге олардың үзеңгілестерімен кездесіп, бір-бірін құттықтап, өткен күндерді еске алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Мерекелік жиын ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтай отыра, өскелең ұрпаққа оларды үлгі етіп, патриоттық тәрбие береді. Одан бөлек, батыр әкелер мен жеңімпаздардың буынын ел азаматтары мен өскелең ұрпақтың рухын көтеруге себеп болатыны айтпаса да түсінікті. 











Бүгінгі күні Алмалы ауданында   76  ҰОС қатысушы мен мүгедектер тұрады. Сонымен қатар,  3 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесір әйелдері, 17 Ленинград блокадасына қатысқандар, 14 концлагерь тұтқыны болғандар  және 3177 тыл  ардагері тұрады.
09.05.2018