Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2019

Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова атындағы» саябақта Ұлы Отан соғысының Жеңіспен мерейтойына орай мерекелік шара ұйымдастырды


28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою үшін Алмалы ауданының ардагерлері ретро-көліктерге құрмет көрсетілді!







Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл ардагерлері үшін Жеңіс күнін тойлау Алмалы ауданында «Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова» атындағы саябақта жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтары соғыста опат болған бабаларды еске алып, ортамыздағы ардагерлерді құттықтау үшін жиналды.







Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова көзі тірі ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтап, аты аңызға айналған 28 гвардияшылар-панфиловшылар дивизиясының ержүрек қаһармандығы – бұл ешқашан да тарих беттерінен өшпейтін халықтың мақтанышы мен естелігі екендігін атап өтті. Ауданның шығармашылық ұжымы қатысқан концерттік бағдарламаны Алмалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды.







Сахна төрінде әскери жылдардағы әндер шырқалды. Одан басқа, дәстүрлі әскери ботқа  пісірілген дастархан жайылды. Шараға Ұлы Отан соғысы мен  тыл ардагерлері, Ауғанстан мен жергілікті соғыс ардагерлері шақырылды.  Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен жандарға құрмет көрсетіп, ықылас білдіру. Мұндай сипаттағы шаралар ардагерлерге олардың үзеңгілестерімен кездесіп, бір-бірін құттықтап, өткен күндерді еске алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.







Мерекелік жиын ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтай отыра, өскелең ұрпаққа оларды үлгі етіп, патриоттық тәрбие береді. Одан бөлек, батыр әкелер мен жеңімпаздардың буынын ел азаматтары мен өскелең ұрпақтың рухын көтеруге себеп болатыны айтпаса да түсінікті. 







Бүгінгі күні Алмалы ауданында   53  ҰОС қатысушы мен мүгедектері тұрады. Сонымен қатар,  соғыста қаза тапқан ардагерлердің 2 жесір әйелі, Ленинград блокадасына қатысқандар 15, концлагерь тұтқыны болғандар  14 және 2 885 тыл  ардагері тұрады.




09.05.2019