Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.06.2017

Сүйікті қала үшін маңызы бар өнер


«Алмалы - АТУ»  бастауыш партия ұйымында ең үздік плакат байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асты. 



Дипломдарды табыстауға «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев, «Парасат» Алматы қалалық профсоюзінің төрағасы Данат Жанатаев және «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының кеңесшісі Самат Төрехан қатысты.



«Бүгінгі іс-шара – тек байқау жеңімпаздарын марапаттау емес, сонымен қатар Алматы технологиялық университетінің жастар арасында руханилықты жаңғырту жолындағы үлесін де атап өтетін мүмкіндік болып тұр. Сол себепті, бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы атынан университет басшылығына және студент жастарға алғысымды білдіргім келеді», - деп айтып өтті Қайым – Мұнар Тұрдахынұлы.



«Үлкенге құрмет»номинациясы АйданаМанаспекованың жұмысына берілсе, екінші орындыЖангелді Мұқыш,ал үшінші орындыАқмарал Хамитова алды. «Таза қала» номинациясы бойынша ең үздік плакат ретніде 1-ші курс студенті Альбина Абдувалиеваның жұмысы бағаланды, ал екінші орын - Ботагөз Болатқа берілді. «Еңбек» тақырыбы 2-ші курс студенті Дина Дильманованың жұмысында үздік болып көрінсе, Лаура Дарьинова мен Даулет Төртрудың плакаттары екінші және үшінші орынға бағаланды.



Жеңімпаздардың плакаттары жақында қаланың көшелеріне ілінетін болады.




09.06.2017