Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.08.2016

ҚР Жас суретшілер Одағы пленэрлік жұмыстар көрмесін өткзді


Аталған іс-шара Алматы қаласы әкімдігі, Алмалы ауданы әкімі аппараты мен ҚР Суретшілер Одағының ұйымдастыруымен жүзеге асты. ЮНЕСКО халықаралық ұйымы 2015 жылы Алматы қаласының 1000 жылдығын 2016 жылғы мерекелік күндерге қосу туралы шешім қабылдады. Қаламыздың мың жылдығына арналған жас суретшілер арасындағы пленэрлік жұмыстар мен көрмелер «Алматы – менің махаббатым» ұранымен өткізіліп, осы игі мерекені тойлауға бағытталған.



Мақсаты мен міндеті: Жас суретшілер арасындағы шығармашылықты, соның ішінде, қоршаған ортаға шығармашылық көзқарасты дамыту.Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жас дарындарды нығайту мен көркейту үшін жағдай жасау.  Мәдени-тарихи мұрамен танысу, жас суретшілер арасында шығармашылық байланыс пен әріптестікті мәдени және шығармашылық тәжірибе алмасу құралымен қалыптастыру және нығайту, кәсіби білім мен машықтарын жетілдіру. 



Қазақстанның түрлі қалаларындағы жастар, шығармашылық белсенді суретшілер арасынан ұжым қалыптастыру. ҚР ЖСО бақылауымен аталған ұжымның қызметін дамыту. «Алматыға – 1000 жыл» тақырыбы бойынша әрі қарай қаланың мәдени және қоғамдық ғимараттарын орналастыру үшін пленэрлік жұмыстардан база қалыптастыру. Тақырып қаланың мерейтойлық күнімен байланысты және әрі қарай қаланың түрлі шараларына қойылатын болады.



Жобаның идеологиясы: Қаланың жаңа кейпіне айналған соңғы жылдардағы сәулет жобаларымен өзара байланысты және тарихи мұралардың бұрынғы сұлулығын, тарих пен заманауилықтың симбиозын көрсету. Қала тұрғындары мен туристерді суретшілердің көзқарасы тұрғысынан қоршаған ортаға толеранттылық пен махаббатқа жетелеу. 
Нәтижелер: Осындай іс-шаралар қаланың тарихи-заманауи кейпін бейнелеу; Алматылық және айамқтық суретшілердің кәсіби байланысын кеңейту және шеберлік сағаттары мен заманауи тәжірибені өткізу көмегімен жеке шеберлігін жетілдіруге кең мүмкінідк береді.


09.08.2016