Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.09.2016

«Ramada Almaty» қонақ үйінде Алмалы ауданының алғашқы «Инвестицияларды іргелету және кәсіпкерлікті дамыту» Инвестициялды форумы өтті


«Ramada Almaty» қонақ үйінде өткен алғашқы инновациялық форум жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов, Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естенов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен   жақын шет ел инвесторлары, Алмалы ауданының бизнес-қауымдастығы, сондай ақ  кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.



Алғы сөзімен шыққан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Аукенов  «Алматы-2020» бағдарламасының өзекті артықтылықтарының бірі қаланың полиорталығын дамыту деді. Шаһарымыздың әр ауданы өз ерекшеліктерімен айрықша. Қаламыздың әр бесінші КЖОБ нысаны осы Алмалы ауданында тіркелген, олардың саны орта есеппен 50 мыңдай.



Қаламыздың  негізгі   капиталына құйылатын инвеститция нысандары бойынша Алмалы ауданы   алдынғы қатарда  келе жатқан аудан. Ағымдағы жылдың соңғы 7 ай ішінде  ауданға 30 млрд.теңге инвеститция тартылған. Мұның үлкен бөлігі сыртқы инвестиция негізгі капиталдың -20 пайызын құрайды.



Форум барысында Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естенов  «Алмалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» , ЕБРР жобасы бойынша менеджер Гайбулин Азим «ЕБРР бағдарламасы бойынша кіші және орта бизнесті қолдау:қаржыландыру,кеңес    және білім беру», «Pomadoro» мейрамханасының директоры - Джорджио «Алмалы ауданында мейрамхана бизнесін алу» тақырыптарында  баяндама жасады.



Инвестициалық форум – бұл ауданның атқарушы органдар мен бизнес қауымдастықтарымен арасындағы ынтымақтастық. Инвестиция мен инновациялық заманауи экономиканы қалыптастыратын, жаңа ойлар ашатын  Алматы қаласын дамыту ауқымды жоспар аясында Алмалы ауданы әлеуметтік-экономикалық және әкімшіліктік мәдени саласында жаңашылықтар ашуда көшбастаушы болуы тиіс.



Жасұлан Естенов өзінің баяндамасында Алмалы ауданы бизнес үшін тартымды инвестицияның маңызды факторларын атап өтті. Оның ішінде  жаңа бизнес-орталықтар мен тұрғын үйлер құрылысы: аудан активінде 6 бос ғимараттар мен  23 бос жер учаскелері, 133 ескі үйлер, оның 66 бұзуға немесе қайта жөндеуге, модернизацияға жатады. Бұл деген кіші және орта бизнес субъектілеріне үлкен мүмкіндіктер дейді.


09.09.2016