Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.10.2019

Алмалы ауданының әкімі қарттар айлығы аясында ауданның ардагерлері мен зейнеткерлеріне салтанатты қабылдау өткізді


Алмалы ауданы әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы қарттар айлығы аясында ауданның Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлеріне салтанатты қабылдау өткізді.



Кездесу «Esperanza» мерекелік залында өтті. 









Аудан басшысы Торғаев Бекқали зейнеткерлерді қаламызда өтіп жатқан қарттар айлығымен құттықтады. 





«Сіздерді осынау шапағатқа толы мереке Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын! «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей қарияларымызды аялау, үлкенді құрметтеу біздің санаға сіңген міндетіміз. Елдің ертеңі, ұрпақ келешегі үшін бойдағы бар күш-жігерлеріңізді аямай, қиындықтарға төтеп беріп, қажымай еңбек еттіңіздер. Бұл - Сіздердің бойларыңыздағы Отанға деген құрметтің көрінісі. Әрдайым қариялық ақыл-кеңеспен, ортаға өнеге болып,  жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп қоғамның дамуына зор үлес қосып келесіздер. Сол үшін де Сіздерге деген алғысымыз шексіз», - деп атап өтті аудан әкімі.







Іс-шара барысында, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірханов Жақсылық Нұртазыұлы, ҰОС-ның ардагері және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шайхутдинов Еренғайып Маликұлы құттықтауларымен ізгі тілектерін айтты.


09.10.2019