Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.11.2016

Алмалы ауданында WorkOut аула алаңы ашылды


Алмалы ауданында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің бастамасымен, Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен және аудан кәсіпорындарының демеушілік қаражаты есебінен Гоголь мен Шагабутдинов көшелері қиылысында жаңа форматтағы «Street Workout» спорттық алаңының салтанатты ашылуы өтті.
  
 

Workout алаңдарының салынуы бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Street Workout Федерациясы, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.  



Іс-шара кезінде қазақстандық  MixTeam (Алматы) воркаут-ұйымының өкілдері  алаңда орнатылған 26 снарядтарда келген қонақтар құрметіне   воркаут жайлы ақпарат беріп, ашық жаттығулар мен спорттық көрсетілімдерді ұйымдастырды. 



Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова  ауданда ашылған жаңа спорттық нысанның ашылуы  халық арасында, әсіресе, жастар мен жасөспірім арасында  салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға арналған жолда өзінің игі рөлін атқармақ екендігін атап өтті. Алмалы ауданында спорттық инфрақұрылым кең дамыған және осының арқасында мектеп оқушылары мен студент жастар бос уақытында спортпен айналысуға мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді. Жалпы айтқанда, 127 спорттық құрылыстар бар.



Соның ішінде: Мұз айдыны, 4 стадион, 9 жүзу бассейндері, 6 спорттық кешендері, олардың арасында Қазақстандағы ең үздік спорт кешендерінің бірі-ҚР Тұңғыш Президентінің спорттық кешені, 2 теннис алаңы, 45 спорт залдары  және аудан аулаларында 50 спорттық алаңдар бар.  Өткен жылы ауданда 3 жаңа спорттық алаң  ашылды. Олар: Тұрғыт Озал көшесі, 30, №58ЖББМ аумағында орналасқан спорттық алаң мен Брусиловский, 15, №34 гимназия мектебінің және Тілендиев көшесі, 35, орналасқан №96 ЖББМ алаңдар. Сонымен қатар,  К. Байсеитова көшесі бойы жаңа жаттығу құрылғылары орналастырылып, ауданның тұрғындары мен жастары салауатты өмір салтын сақтау мақсатында құрылғыларды жаттығуына мүмкіндігі ашылды.



Осындай спорт түрін аса бағалап іс-шараға қатысушы ауданның тұрғыны: «Мен өзім воркаутпен айналысам және бұл спорт түрінің ең бастысы –бұқаралық халыққа қолжетімділігі! Өз басым, осы спорт түрінің әрбір азаматтың спортқа деген ұмтылысын жетілдіруге арналған идеясын өте жоғары бағалаймын. Шым мәнінде, бұндай спорт түрімен таза ауада шұғылданған қандай тамаша!». Осымен қоса, қазір воркаут мемлекет тарапынан қолдау алып, аталмыш спорттың түріне одан әрі өзіне деген қызуғышылығын арттыруда.

 

*Street Workout (англ. Street – көше, workout – жаттығу) –көшелерде шұғылдануға  арналған спорттық бағыттардың бірі. Бұл дегеніміз, көшедегі спорттық тренажерларда белтемірлерде, қоссырықтарда, шведтік стенкаларда өзінің салмағымен дене шынықтырып, спортпен айналысу. 


09.11.2016