Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.11.2017

Педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг басталды


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту методикасы» тақырыбындағы семинар-тренинг бастау алды. Аралығында өтетін дәрістерді отандық сарапшылар жүргізбек. «Менеджмент және кадрларды даярлау саласында үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтарға отандық және шетелдік мамандардың оқытуы» бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Назарбаев Университеті ұйымдастырды.



Семинар-тренингтің алғашқы күні «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Каримова, сарапшы Руслан Қаратабанов «Функционалдық сауаттылықтың индикаторы», «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы», «Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын енгізу» және «Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын педагогикалық тәсіл ретінде қалыптастыру» тақырыптарында тренинг жүргізді. Оған Қыздар университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», деп атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру бағытында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» арнайы бағдарламасы қабылданды. Мақсат – білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамыту.



– Қай кезеңде де ұстаз өз шәкіртінің ойлау қабілетін, адами қасиетін дамытуға ерекше мән берген. Мұғалім үшін баланың өз ойын толық, ашық әрі еркін жеткізуі үлкен маңызға ие. Осы тұрғыда жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану қажеттілігі туындайды. Бұл – уақыт талабынан туындап отыр. Бүгінде білім берудің тың технологиялары жасалып, мектептер мен жоғары оқу орындарының тәжірибесіне енуде. Аталған әдістер оқушылар мен студенттердің зияткерлік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына игі әсер ететіні сөзсіз, – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.
Семинар-тренингке қатысушылар сарапшыларға тақырып төңірегінде сұрақтар қойып, толық әрі нақты жауап алды.


09.11.2017