Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында «Мықты Қазақстан - ол берік отбасы, дені сау қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында Алматы қаласы Маслихатының депутаттары Н.И. Ниязова, С.Б. Аманкелді, ҮЕҰ-ның мүшелері (Көпбалалы отбасы кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі), аудан емханалары бас дәрігерлерінің қатысуымен «Мықты Қазақстан - ол берік отбасы, дені сау қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 



Алмалы ауданы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля Алтынбекқызы өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының Доктринасын тілге тиек ете отырып, «Отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты. Ұрпақтар сабақтастығы, жасы үлкендерге құрмет көрсету, балаларға қамқор болу, өзара қолдау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық дәл отбасында қалыптасатындығын айтты».
Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы Маслихатының депутаты Ниязова Нурия Исмагиловна отбасылық қарым-қатынас және ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесінің отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда жүргізіп жатқан жұмыстары, жетім балаларға көмек көрсетудегі негізгі мәселелер жайында баяндап берді. 



Жиын барысында барлық қатысушылар өз ойымен бөлісіп, қызу пікірталас болды. Аналар мәселесін көтеру мақсатында әлеуметтік видеороликтер жасау, ана мен бала денсаулығын жақсарту үшін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға өз деңгейінде түсіндірме-кеңес жұмыстарын қаланың барлық емханаларында тұрғылықты түрде жүргізу сияқты және т.б. өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды. Дөңгелек үстелде айтылған мәселелерді шешу үшін алдағы уақытта нақты іс-шаралар қолданылатын болады. 


09.12.2016