Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2016

Алмалы ауданының 2016 жылдың 9 айы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы


"Сұңқар" Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естеновтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарына Алмалы ауданының әлеуметтік-экономикалық үрдісі бойынша 2016 жылдың 9 айлық есебінің баспасөз мәслихаты өтті. 



Алмалы ауданы - қаламыздың тарихи, мәдени, білім орталығы. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы экономика мен әлеуметтік саладағы жағымды үрдістердің сақталып келе жатқандығын көрсетеді.
2016 жылдың 9 айы ішінде салық және басқа да төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке 194,5 млрд.теңге салық түсімі қамтамасыз етілді. Аудандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың қала бойынша үлесі 19,2%. Ағымдағы жылдың 8 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 81 млрд. 503 млн.теңгеге өнім өндірді. 
Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 40 млрд.теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 4,1% артық). Бөлшек тауар айналымының көлемі 299 млрд.теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22,4%-ға өсті. Салық түсімінің үлесі 60,2%  құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлердің саны өткен жылмен салыстырғанда 8% -ға ұлғайды.
2016 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына 17,9 млрд.тг сомасында 32 кәсіпорын қатысуда. «Жібек жолы» бағдарламасымен 838,6 млн.теңге сомасында 14 кәсіпкер жеңілдетілген несие алды. Екінші бесжылдық аясында индустрияландыру картасына «АДЗ» АҚ, «Металлпром» ЖШС, «Корпорация Сайман» ЖШС қатысуда.
Жыл басынан ауданда 3041 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ауданды көріктендіру мен санитарлық жағдайын қамтамасыз ету тұрақты түрде жүзеге асырылуда. «Сиреневый» және «С.Мұқанов» саябақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 жерде «Альпийские горки» отырғызылып, ағымдағы жылы 1 спорт алаңы мен 5 балалар алаңы ашылды.
Сонымен қатар, бюджет есебінен 8 саябаққа, 4 спорт алаңы мен 3 балалар алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданда ұзындығы - 1,9 км. 6 көше мен ұзындығы 3,6 км тротуар, 15 аялдама кешені алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілді. 6 мекен-жай бойынша жөндеу жұмыстары жалғастырылуда. 82 үй аулаларында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 7 мекен-жай бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын арық жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 24 мекен-жайда ағымдағы жөндеу жоспарлануда.
Жасыл желектерді күту жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылып, 140 дана санитарлық құлату, 1692 дана санитарлық кесу, 2440 дана қалыппен кесу жұмыстары жүргізілді. Қалалық «Ауланы көгалдандыру» байқауында «Әлия мен Мәншүк» саябағы ең үздік болып танылды.
Қалалық полигонға күнделікті 1200 м3 қоқыс шығарылады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 203 контейнер алаңдары мен 500 контейнер ауыстырылады. 
Аудандағы орын тепкен 1426 көппәтерлі үйлер мен 3495 жеке тұрғын үйлерге 206 пәтер иелері кооперативтері (ПИК) қызмет көрсетеді.
Жылыту кезеңіне дайындық аясында ПИК қаржысы есебінен 941 тұрғын жөнделді.
Аудан аумағында 133 апаттық (ескі) көппәтерлі тұрғын үйлер орналасқан. Қалалық ескі тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасы аясында Алмалы ауданында 9 қабатты, 54 пәтерлі тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді.    
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» және «Алматы қаласының даму бағдарламасы» аясында 715 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 282-і жұмысқа орналастырылды. Жастар іс-тәжіребиесіне 69 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 55 адам жолданды.
Есептік кезеңде 88 млн.теңге сомасында 7 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, 41 отбасыға 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту жәрдемақысымен 67 бала, тұрғын үй көмегімен 514 азамат қамтамасыз етілді. 
Ай сайын 1743 зейнеткер бір айлық есептік көрсеткіште жалпы сомасы 49,9 млн.теңгені құрайтын әлеуметтік көмек алуда. Жеңіс күнін мерекелеу аясында 724 соғыс ардагерлері барлығы 36,8 млн.теңгені құрайтын әлеуметтік көмек алды. 
Ауданда 38 мектеп, соның ішінде 9 жеке меншік мектеп бар. Барлығы 28030 оқушы оқиды. Жыл сайынғы ҰБТ қорытындылары бойынша Алмалы ауданы оқушыларының орташа балы 96,46 % - ды құрады. 38 оқушы «Алтын белгiге» ие болды. 83 оқушы республикалық және қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанды. Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен 27 ұстаз және 20 оқушы «Үркер» төсбелгісін иеленді.  Назарбаев  инттелектуалды мектебі жүйесі бойынша 1130 ұстаз қайта даярлаудан өтті. 
Алмалы ауданында 26 мемлекеттік және 12 жеке меншіктегі мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істейді. Ондағы балалар саны - 7731. «Балапан бағдарламасы аясында 498 баланы қамтыған 11 бала бақша жұмыс істейді. 15 шағын орталық, 5 балабақшада мектепке даярлайтын тегін топтар ашылды. Жылдың соңына дейін 5 шағын орталықтар ашу жоспарлануда. №18 гимназия аумағында (Родостовец көш-і, 38) 120 орынға арналған балабақшаның құрылысы басталды; үш мектепте (№34,36,95) және №30 емханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 


11.10.2016