Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2016

«Мәңгілік ел» қағидалары – жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі


Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен «Даңқ залында»  Елбасының ұлт жоспары және «Мәңгілік ел» патриоттық актісін студенттер арасында түсіндіру мақсатында «Мәңгілік ел» қағидалары – жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі» атты дөңгелек үстел өтті.



Іс-шараның негізгі мақсаты – «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау арқылы жастар арасында ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық рухты дамыту. Жиын барысында жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясының мән-маңызы сөз болып, жастардың патриоттық тәрбиесіне және оларды еріктілер қозғалысына жұмылдыру сынды мәселелерге аса ден қойылды. 
Дөңгелек үстелдің модераторы «Алмалы-Гиппократ» бастауыш партия  төрағасы Құлманбетов Исатай Әзімұлы «Мәңгілік ел» идеясының еліміз үшін маңызды екенін ескере отырып, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі жастардың біліммен қаруланулары тиіс екендігін тілге тиек етті.



Кездесуге арнайы шақырылған Алмалы аудандық саяси кеңес мүшесі, АТУ проректоры Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлы өз сөзінде игілігі мол іс-шараны ұйымдастырып отырған ҚазҰМУнің әкімшілігіне алғысын білдіре отырып, аласапыран мен дүрбелеңге толы ғасырларды бастан өткізген қазақ елінің тарихынан сыр шертті. Жиын барысында көтерілген тақырыптың өзектілігі оның жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны және ұлттық идея мәселесінің маңыздылығымен сипатталатыны сөзсіз.  






10.10.2016