Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.02.2017

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу өтті


Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған  жолдауын насихаттау барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Тілеухан Бекболат Қанайұлымен кездесу.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  професссор оқытушы құрамы, студенттер.


Т. Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Б.Н. Нүсіпжанова, Алматы қалалық  Нұр Отан филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қ. Омарбекова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Тілеухан Бекболат Қанайұлы.



Б.Н. Нүсіпжанова.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған  жолдауы – елі-міздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат. Онда Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Мақсаты - елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Мемлекет басшысы Қазақстанның жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін, біздің басты күшіміз – бірлікте екенін ерекше атап өтті!. Олай болса Жолдау заң шығару органының алдағы нақты мақсаттарын көрсетумен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін барша қазақстандықтарды бір мақсатқа біріктіретін қуатты күшке ие деп айта аламыз. Сонымен қатар Қазақстанның үшінші жаңғыруы саяси конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып табылады, елді демократияландырудың сенімді іргетасы, мемлекеттің, қоғамның, Қазақстанның көпұлтты халқының жаһандық тарихи ауқымдағы экономикалық және саяси дамуын нақтылайды.
Құрметті әріптестер, академия ұжымы бүгін бізде қонақта елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған  жолдауын насихаттау барысында  «Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі»,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ТІЛЕУХАН БЕКБОЛАТ ҚАНАЙҰЛЫ келіп отыр.
Бірақта алдымен сөз кезегін Алматы қалалық Нұр Отан филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қ. Омарбекова ханымға бергім келіп отыр.


Ж.Қ. Омарбекова. «Қадірменді әріптестер, академия ұжымы. Біз бүгін елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған  жолдауын өздеріңізбен бөлісіп, ой алмасып, талқылауға келіп отырмыз. Әрине менің  аталған жолдауды сіздердің алдарыңызда түсіндірудің де керегі жоқ. Себебі оны барлықтарыңыз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танысып, студенттер мен аудиториядағы тыңдаушыларыңызға түсіндіріп те қойған боларсыздар. Себебі Сіздер ұстаздар қауымы емессіздер емес па. Осы өнер ордасының студенттері мен түлектері қазіргі таңда елімізде өтіп жатқан түрлі мәдени шараларға белсене ат салысуда» – деп өз ойын аяқтай келе жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталды.



Тілеухан Бекболат Қанайұлы.
«Құрметті өнер ұжымының беделді де бетке ұстар азаматтары мен студенттері. Мен сіздердің алдарыңызға шығып елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған  жолдауын өздеріңізбен бөлісуге келіп отырмын. Арине ол жолдауда айтылған «Үшінші жаңғыру» қазіргі таңда ең керек және қажет етіп отырған мәселе деп ойлаймын. Өздеріңіз білетін «Бірінші жаңғыру» еліміз тәуелсіздік алған жылдардан кейін болған қолға алынған реформалар. «Екінші жаңғыру» Қазақстан-2030» стратегиясы¬ның қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық.» - деп айта келе жолдаудағы бес басымдық пен  үш тілдік саясат, білім саласындағы, денсаулық саласындағы бастамалар, үздік технологиялардың іске асырудағы бастамаларына, әлеуметтік саладағы бастамаларға жан жақты тоқталып, баяндап берді. Сөз соңында елді тәрбиелеуде, патриоттық тәрбиеде мәдениет пен өнердің ролі жоғары деп баға бере отырып, академия ұжымына шығармашылық табыстар мен өнер ордасының әрдайым жақсы жетістіктерге жете беруіне тілектес болды.
С.А. Елубаев. Қадірменді Бекболат мырза өнердің қара шаңырағы академияға келіп елбасы жолдауын жан-жақты түсіндіріп, өз ойыңызбен бөліскеніңізге алғыс айтамыз. Сіз де өнер адамысыз. Қазақтың қамы үшін жұмыс жасап, билікке біздің тілектеріміз бен ұсыныстарымызды жеткізіп отырған, оның орындалуына тікелей себепші болып отырған азамат деп білемін. Менің тілегім үштілділік мәселе көтерілгенде қазақ тілі көлеңкеде қалып қалмаса екен деп ойлаймын.
Тілеухан Бекболат Қанайұлы. «Айтқан тілектеріңіз өте орынды Смағұл аға. Мен бұл мәселені өнердегі қазақ зиялыларының ұсынысы деп ұғамын. Әрине қазақ тілінің мәртебесін көтеруде тек түрлі қаулылар мен реформалар ғана шешпейді, оны қоғам болып іске асыруымыз керек» - деп өз ойын аяқтады.


10.02.2017