Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2017

Алмалы ауданында Ардагерлер кеңесінің салтанатты жиналысы болып өтті


Алматы қаласы Алмалы ауданды ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толу мерейтойын атап  өтті. Аудан әкімі аппаратына жиналған қонақтарды әкім және әкімшілік атынан құттықтаған Алмалы ауданы  әкімінің орынбасары Бекжанова Айнур Серікқызы ардагерлер кеңесі мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, ауданымыздың өркендеп өсуіне қосып отырған үлестерін атап өтті.



Бүгінгі таңда, қоғамдағы келісімнің нығаюы бағытында құзырлы мекемелер мен аудандық Ардагерлер Кеңесі бірігіп әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды жұмыстар жүргізуде.



Тәуелсіздік алғалы бері аға буынға деген қамқорлық мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына айналды. Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің толайым табыстарға қол жеткізіп, гүлденген шағына жетуіне зейнеткерлердің сіңірген зор еңбектері өлшеусіз.
  


Салатанатты шара барысында ардагерлер кеңесі мүшелерін Алғыс хаттар мен Құрмет грамотасымен марапатталды.



Өз кезегінде аудандық ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Амирханов Жақсылық Нұртазинович қонақтарды 30 жылдық мерейтойларымен құттықтап ардагерлер кеңесінің құрылу тарихына тоқталып өтті.  



Жиын соңында жиналған қонақтарды аудан әкімі атынан «Ақ Дана» мейрамханасында жайылған  ақ дастарханға шақырды.




10.04.2017