Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.05.2017

Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Ерлік


Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапхана бөлімшесі мен Алмалы ауданы Ардагерлер Кеңесі бірлесіп Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған «Ардагерлерді аялайық» акциясы аясында «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Ерлік» атты ерлік эстафетасын өткізді. Бұл мәдени іс-шараға «Ұлы Ерлікке – тағзым, ардагерлерге құрмет!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Экраннан арнайы дайындалған «Ұлы ерлік – өшпес даңқ», «Отан үшін от кешкен қаһармандар», «ҚР Қарулы Күштері» атты  слайд-презентациялар, Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильмдер көрсетіліп, соғыс, Ұлы Жеңіс туралы әндер орындалды.



Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың ұлы ерлігін мәңгілікке халық жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, елімізде бейбітшілік пен достықтың салтанат құруы да осынау мерекелердің жемісі. Бұл шараның мақсаты: қаһарлы соғыс жылдары қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен соғыс ардагерлері мен ауған соғысында өздерінің интернационалистік борыштарын өтеп, ерен ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен  ауған ардагерлеріне құрмет көрсету, Ұлы Жеңісті дәріптеу, жастарды өз Отанын, туған елін қорғай білуге, қазақстандық патриотизмге, береке-бірлікке тәрбиелеу.  Салтанатты мерекелік шараға Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері, тыл және еңбек ардагерлері: Зұлқарнай Сейітов, Әжмұрат Жармұханұлы Жармұханов, Кабдолда Бекжанов, Саят Ілиясұлы Жансүгіров, Демяненко Лев Павлович, Белялов Абиль Абдулкасымович, Кучугов Шаймурат Какенұлы арнайы шақырылды. 



Ұрпақтар сабақтастығын паш еткен бұл мәдени шараны  Алмалы ауданы Ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Ахмедов Серик Шафигулинұлы мерекелік құттықтау сөзімен ашып берді. Ұлы Отан соғысының ардагері Әжмұрат Жармұханұлы Жармұханов,  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, запастағы полковник, сыртқы барлаудағы Ардагерлер қоғамы бірлестігінің жетекшісі Кабдолда Ешенұлы Бекжанов және басқа да ардагерлер сұрапыл соғыс жылдарының шежіресімен, әскери өмір мен қазақстандықтардың майдандағы ерліктері туралы естеліктерімен ой бөліссе, Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің аға сержанты Солтанғазы Нұрланұлы Нукарбановтар Отанымыздың гүлденуі жолында аға ұрпақтың даңқты ерліктерін, әскери дәстүрлерін абыроймен орындап, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып келе жатқан және болашақ жас сарбаздарды дайындайтын Б.Момышұлы атындағы әскери білім ордасының жұмысымен таныстырып, бүгінгі жас ұландар Отанды қорғауға әрқашан дайын екендерін атап өтті,  жастарды ерлікке, патриотизмге жігерлендіретін жыр жолдарын оқып берді.



Ардагерлеріміздің құрметіне П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің студенттері Дүйсенғали Қуаныш «Катюша» әнін, Көшкінбаев Дінмұхамед «Журавли» әнін, Алатау дәстүрлі театрының әншісі Мұсағали Жасұлан «Мен – қазақпын» атты патриоттық әнін шырқады, Б. Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің сарбазы Раис Данияр «Әлқисса» күйін нақышына келтіре орындап берді. «Жас ұланның» сарбаздарын кітапхана меңгеруші Сағын Иманбаева Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, салтанатты түрде оқырман билеттерін тапсырып, құнды кітаптарды сыйға тартты.
ҚР  еңбек сіңірген қызметкері Марина Гранованың жетекшілігімен  №6 гимназияның халықтық әндер театрының балғын бүлдіршіндері ардақты ардагерлерге «Ұлы Ерлікке – мың тағзым!» атты мерекелік әдеби-музыкалық композицияларын тарту етті.



Ешқашанда жауынгер ерлігі мен Жеңісті еңбегімен  орнатқан қаһарман халықтың ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, туған жерінің адал патриоттары болуға, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сол бір сұрапыл жылдарда Отан үшін от кешкен ата-бабаларымыздың ерліктері ешқашан ұмтылмақ емес! 








10.05.2017