Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.07.2017

Сегіз қазақстандық ғалым шет елдік рейтингтік журналдардағы үздік жарияланымдары үшін марапатталды


Астанада «Ғылым мен бизнес интеграциясы» халықаралық форумы өтті.
«Астана ЭКСПО – 2017» - болашақ энергиясы Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған шара Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ алаңында ғылым, инновация және бизнес саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік мамандардың басын қосты. Құттықтау сөзімен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов шығып, қазақстандық ғалымдар арасында жариялынымдар белсенділігі байқалғанын, және ол өз кезегінде қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне бірігуіне септігін
тигізетінін атап айтты. «Бизнес пен ғылымның интеграциясы – көп тарапты және көп қырлы
процесс, жәнеде біз онымен ғана шектеліп қоя алмаймыз. Осылайша биыл құрамына ЖОО, ҒЗИ және өндірістік секторды енгізетін консорциум құруға байқау жариялаймыз. Ол Дүниежүзілік банк желісі бойынша ұйымдастырылады. Мен біздің ғалымдарды ол шараға белсенді қатысуға шақырамын. Сол арқылы ғылым мен бизнестің арасындағы серіктестіктердің қандай формалары болатынын көріп, білуге болады», - деді Б.
Әбдірәсілов.



Ғылым комитетінің төрағасы сонымен қатар биылғы жылы білім гранттар
саны магистратураға жеті мыңнан он мыңға дейін, докторантураға 650-ден
1250-ге дейін ұлғайтылғанын жеткізді. Форумға тек ҚР білім және ғылым министірлігінің өкілдері ғана емес, сонымен қатар SpringerNature, ClarivateAnalytics, «Яндекс», «РосАтом»,
Еуразиялық патенттік ұйым секілді компанияларының, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.


10.07.2017