Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.09.2019

«Отбасы күні» аясында отбасыларды қолдау іс-шаралары өткізілуде


Салауатты отбасы дегеніміз бұл-рухани мәдениет пен психологиялық тұрақтылық, балалық шақтан егде жасқа дейінгі ортада денсаулықты сақтау мен нығайтуға бейімділік, әлеуметтік және материалдық әл-ауқаты бар отбасы.





Отбасы-бұл пайдалы әдеттер қалыптасатын және зиянды әдеттерден бас тартатын негізгі буын. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы»  жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі ресми мереке - Отбасы күні болып танылды. «Дені сау отбасы - дені сау ел» ұлттық мерекесі аясында, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде №5 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері Исмагуловтар отбасын мерекемен құттықтап, азық-түлік себеттері мен сыйлықтарын табыс етті. Исмагулов Сераж 06.05.1919 ж. т. ҰОС мүгедегі.  2019 жылы мамыр айында өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Жұбайы Исмагулова Алмамен 65 жыл некеде тұрып келеді. Сонымен қатар, көп балалы отбасы (4бала)1986ж.т. А. Жолдасбеков пен1990 ж.т. К. Иманалиеваны және мүгедек бала асырап отқан жас отбасыСовурхаджаевтарды құттықтады.
11.09.2019