Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2018

Алмалы ауданы әкімі аппаратында аудан активі жиыны өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Б.Торғаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылауға арналған ауданның идеологиялық активінің жиналысы өтті.







Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің, денсаулық сақтау, білім беру салаларының бірінші басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мәдениет қайраткерлері, бизнес құрылымдарының, жастар ұйымдарының және  ҮЕҰ өкілдері қатысты.









Шара аясында Алматы қаласы Мəслихатының депутаты, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры Р.Алшанов, «АЗТМ» АҚ директорының орынбасары Е.Пчелинцева, №147 мектеп-гимназия директоры Р.Макежанова, №5 қалалық емхананың бас дәрігері Г.Камбарова жəне Алматы технологиялық университетінің жастар саясаты бөлімінің басшысы Е.Әбдешов Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама оқыды. 






10.10.2018