Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2019

«Төрт тонна құм» арт-жобасының тұсаукесері


Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта уақытша арт-инсталляцияның – қазақстандықтарды өсімдіктер әлеміне, соның ішінде бірегей ағаш - сексеуілге ұқыптылықпен қарауға шақыратын «Төрт тонна құмның» таныстырылымы өтті.



«Төрт  тонна құм» арт-жобасы экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға, халықтың бірегей түрлерге қамқорлық көзқарасын қалыптастыруға, қоғамның өзінің күшімен сексеуілді сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға және оны отын ретінде пайдаланудан бас тартуға бағытталған. Бұл нысан 4-тонна құмға батқан тұрғын үйден құрылған композиция ретінде бейнеленген (құм Балқаштың шөлді аймағындағы Бақбақты ауылынан жеткізілген).
  


Инсталляция адамдардың табиғат күштерінің алдында қалайша жеңіліп қалатынын көрсетеді. Мұндай мөлшердегі құм да аса көрнекті, сексеуілдің бір ғана түбі өзінің қуатты тамырымен төрт тонна құмды ұстап тұра алады. Сексеуілдің тамырын шабу шөл даланың ұлғайуына алып келеді. Оның ұстап тұрушы тамырынан ажыраған құмдар көшіп, барқандарға айналады.
Акцияның басты идеясы қоғамның назарын осы мәселеге аудару, сондай-ақ табиғатқа деген тұтынушылық қарым-қатынасты ойлануға, аялауға уақыт  келгенін еске салу.
Қазақстанда аумақтың небәрі 4,74 % - ы орман алқабымен қамтылған, оның жартысына жуығы сексеуілге тиесілі. Өкінішке орай, қолданыстағы заңнамалық тыйымға қарамастан, Сексеуіл – қазақ даласының символы, жылыту және тамақ дайындау үшін отын (кәуап)  мақсатында шабуды жалғастыруда. Сексеуілді сату жол бойында немесе ғаламторда хабарландыру арқылы жүзеге асырылады.
10.10.2019