Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.11.2016

Қаһарлы жылдардың қаһарман қаламгері


Ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтің 105 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапханасының қызметкерлері Алматы полиграфиялық колледжінде «Жастар – заман біздікі» тақырыбында әдеби оқу өткізді. 



Бұл шара оқ пен оттың ортасында жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, көркемдік әлемінен қол үзбеген жауынгер жазушымыздың ерлікке толы өмірі, мәні мен мазмұнын еш жоймас өмірлік туындылары жайлы мәлімет бере отырып, жастар бойына ерлік пен батылдық сияқты өр қасиеттерді сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері өмір ерте есейткен қаһарман қаламгердің қаламынан туған «Шығыс ұлына хат», «Заман біздікі», «Өмір сүргім келеді», «Ана» тағы да басқа шығармаларына әдеби талдау жасап,  жастар ол шығармалар туралы ой-пікірлерін тыңдады.



Сонымен қатар, «Айсұлу» поэмасынан, бірқатар өлеңдерінен де үзінділер оқылды. Студенттер қайсар рухты қаламгердің қай туындысын оқысақ та, бізді Отанға деген адалдық, сүйіспеншілік, мұқалмас жігер, өмірге деген құштарлық сынды сезімдерге жетелейді деп өз ойларын білдіріп, қаламгердің өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалған әдеби викторинаға да белсене қатысты.



Кітапханада «Қаһарлы жылдардың қаһарман қаламгері» атты кітап жаймасы ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері ондағы кітаптарға шолу жасады. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсемсөз шебері, Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болған ержүрек жауынгердің есімі ел есінде мәңгі жаңғырары ақиқат. 


10.11.2016