Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.11.2016

Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ХХ есеп беру-сайлау конференциясы ұйымдастырылды


Конференция отырысы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қабырғасында өткізілді. 



Конференцияға Бастауыш партия ұйымынан 224 делегат қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1 Партияның Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмысы туралы;



2. Партияның Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерін сайлау туралы;
3. Партияның Алматы қалалық филиалының ХІХ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы.
Соңғы 2 жылда Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының жүргізілген жұмыстары, жеткен жетістіктері мен мақсаттары жөнінде аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ж.Т. Естенов есеп берді. 



Сонымен қатар атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде Алматы қаласы Маслихатының депутаты, қалалалық партия филиалаының Саяси кеңес Бюросының мүшесі, «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Д.Ж. Нөкетаева, «Алмалы-ГКЦ» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Қалалық Кардиология орталығының директоры А.Т. Қодасбаев, Алматы қаласы Маслихатының депутаты, «Алмалы-ЦУМ» бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Заңғар» АҚ президенті С.Б. Аманкелді, Сән және дизайн колледжінің директоры  Н.Н. Яковлева, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі А.Ә. Байзаханов баяндама жасады.



Конференция делегаттары бірауыздан аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелерінің сапалы құрамын сайлады. Сонымен бірге жаңадан сайланған Саяси кеңес құрамынан Бюро мүшелері бекітілді.  



Конференция барысында партияның Алматы қалалық филиалының ХІХ есеп беру-сайлау конференциясына 32 делегат бірауыздан қабылданды. 


10.11.2016