Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.11.2017

Алмалы ауданында «Қарт адамдар күні» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтті


Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының Алмалы ауданы бөлімінде бөлім басшысы Ералиева Гүлмираның төрағалық етуімен, бөлімнің бас мамандарының қатысуымен және Алмалы ауданының қарт адамдар тұрғындары Ерлан Қазақбаев, Гүлман Оразалина және Дәметкен Жұмабаеваның қатысуларымен «Қарт адамдар күні» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтті.



Қарт азаматтарды құттықтап Гүлмира Мұратқызы сөз сөйледі және олардың әрқайсысына азық-түлік жиынтығынан тұратын пакет табыстады.
Содан кейін мерекелік дастархан басында қарт азаматтар өткен еңбек жолдары туралы айтып, еңбектегі жетістіктері жайында әңгімеледі, қәзіргі кезде қоғамдағы жайлы өмірі туралы айтып берді.
Қазақбаев Ерлан Әбдісәметұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 11 жылдан астам уақыт күзетші вахтер болып жұмыс істеген. Оразалина Гүлман оқытушы болып істесе, Жұмабаева Дәметкен нан зауытында жұмыс істеген. Олардың бәрі де еңбек ардагерлері.



Шақырылған қарт адамдар аудандық бөлімнің қызметкерлеріне ұйымдастырған құрметтеу және қадірлеу Күні үшін, өздеріне қөңіл бөлгендері үшін алғыстарын айтты.
Барлық жиналғандар осы кездесудің нәтижесі пайдалы болғаны жөнінде ойларын білдірді. 


10.11.2017