Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Ұялы құрылғыңызды тіркеңіз


«Байланыс туралы» заңға сәйкес, ЖСН/БСН бойынша өз абоненттік құрылғыларды (мобильді телефондарды, планшеттерді, модемдерді, SIM-карталы сағаттарды және т.б.) ұялы байланыс операторларында 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркеуге міндеттісіз. Біз барлық абонеттерге өз мобильді құрылғыларын тіркеуге жаупкершілікпен қарауды және оны уақытылы іске асыруды сұраймыз.
- IMEI деген не?
Бұл зауытта дайындау кезінде телефонға «ендірілетін» әр абоненттік құрылғы (мобильді телефондар, планшеттер, модемдер, SIM-карталы сағаттар және т.б.) үшін халықаралық сәйкестендіргіш болып табылады. Бұл оның желісінде телефонды қуаттау кезінде оператор тарататын абоненттік құрылғының коды болып табылады. Ол желіде құрылғыны сәйкестендіру үшін қызмет етеді және аппарат жасақтамасында сақталады. Әдеттегідей, IMEI төрт жерде: аппараттың өзінде (көбінесе клавиатурада *#06# теру арқылы экранға шығаруға болады), аккумуляторлы батарея астында орауда және кепілдік талонында көрсетіледі.
- Қазақстанда IMEI тіркеу не үшін қажет?
«Байланыс туралы» заңға сәйкес, бұл нормалар телефондарды ұрлау санын қысқартуға, сондай-ақ эксремизмммен және терроризммен күресті күшейту үшін керек.



Заңнама талаптарына сәйкес  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ұялы телефонның барлық операторлары тіркелмеген абоненттік құрылғылар бойынша байланыс қызметін көрсетуге құқығы жоқ.


10.12.2018