Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.08.2015

11 тамызда Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Спорт күніне арналган бұқаралық - мәдени спорттық іс-шара өтеді


Ағымдағы жылдың 11 тамызында Алмалы ауданының дәстүрлі «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашасындағы Жарлығымен бекітілген, Спорт күніне арнайы Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бұқаралық - мәдени спорттық іс-шара өтеді.

Іс-шара барысында спорттық алаңдарда ұлттық спорт ойындарынан жарыстар, мини-футболдан сайыстар, үстел теннисі мен интерактивті ойындар ұйыдастырылады. Сонымен қатар, қызықты мерекелік-калейдоскоп ретінде ұйымдастырылған іс-шара кезінде түрлі спорттық (ҚР Муайтай Федерациясының қолдауымен Муайтай және «Барыс» демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Қазақша күрес» бойынша жекпе-жектер) көрсетілімдері мен дарынды ауданның шығармашылық топтарының қатысуымен музыкалық концертпен жалғасады.

Іс-шараның тағы бір ерекше қызықты сәттерінің бірі - түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпазы мен сертификатталған нұсқаушы-жаттықтырушысы «2 Step Dance Studio» би студиясының меңгерушісі Ирина Улихинаның ZUMBA спорттық-фитнес бағдарламасын аудан, қала тұрғындары тамашалап, бірге би флэш-мобына қатысады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы, Алматы қ. Ішкі істер департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Алматы қаласы әкімдігі Спорт және дене шынықтыру басқармасы жанындағы Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру денешынықтыру клубы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ,Евразиялық мәдени альянс, Қазақстандағы Британ Кеңесі.

Анықтама телефондары: 261 26 08, 8 778 423 35 11

06.08.2015