2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2015

Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Спорт күніне арналған бұқаралық-мәдени спорттық іс-шара өтті


Алмалы ауданының дәстүрлі «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашасындағы Жарлығымен бекітілген, Спорт күніне арналған Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бұқаралық-мәдени спорттық іс-шара өтті.

Аталмыш спорттық мерекелік іс-шараны құттықтау сөзімен Алмалы ауданының әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова салтанатты түрде ашты.

Іс-шара барысында спорттық алаңдарда ұлттық спорт ойындарынан жарыстар, мини-футболдан сайыстар, үстел теннисі мен интерактивті ойындар ұйымдастырылды. 

Ауданның дарынды шығармашылық топтарының қатысуымен музыкалық концерт ұйымдастырылды.

Іс-шараның тағы бір ерекше қызықты сәттерінің бірі - түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпазы мен сертификатталған нұсқаушы-жаттықтырушысы «2 Step Dance Studio» би студиясының меңгерушісі Ирина Улихинаның ZUMBA спорттық-фитнес бағдарламасын аудан, қала тұрғындары тамашалап, бірге би флэш-мобына қатысты.

Спорт тек денені дамыту мен спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қана қоймай, сонымен бірге адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей бағытты тәрбиелеу үшін кең көлемдегі мүмкіндіктер туғызады. Спорт бейбітшілік пен толеранттық сезімге, ынтымақтастық пен төзімділікке үйретеді. Спорт - адамды әрі қарай жақсы жолмен бағыттайтын үлкен ғажайып күш.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, Евразиялық мәдени альянс, Қазақстандағы Британия Кеңесі.

11.08.2015