Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.05.2017

«Жастар – кітап оқуды таңдайды»


26-шы сәуір күні Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапхана бөлімшесінде биылғы Жастар жылы аясында «Жастар – кітап оқуды таңдайды» атты флешмоб ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты: бүгінгі жастарды кітап оқуға ынталандыру, олардың бойында кітап оқу мәдениетін, кітап оқу құндылықтарын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Бұл шараға кітапхана оқырмандары мен Алматы Поллиграфиялық колледжінің студенттері белсене қатысты. Ашық аспан астында ұйымдастырылған жылжымалы оқу залында кітапхана оқырмандары жаңадан түскен мерзімді басылымдармен танысып, оқып, шахмат  - шашкакадан жарысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін де көрсете білді. 



Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. Ұлы данамыз Абай Құнанбаев: «Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге» - деп кітаптың маңызын көрсетіп кеткен еді.«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» дейді шығыс шайыры Ә. Науаи. Шын мәнінде кітапсыз білімді елестету мүмкін емес. Жаратқан иеміздің адамзатқа берген ұлы нығыметтерінің бірі ол – білім. Ал білімнің қайнар бұлағы асыл қазынамыз – кітап.



Болашақтың байрағын ұстаған жас өрендер кітап оқуды таңдайды. Шара аясында студенттер өздерінің сүйіп оқитын шығармалары, сүйікті қаламгерлері туралы ой бөлісіп, жырдан шашу шашты, әр түрлі әдеби викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға құнды кітаптар алды.



Д.Дидро: «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыларедік» дейді. Кітап айнымас серігіміз болып, ойымыз жүйрік, санамыз сергек болсын. Жастарды кітап оқуға шақырған Флешмоб кітапхана бөлімдеріне қызықты саяхатпен аяқталды.




11.05.2017