Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.07.2016

Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ПИК қызметі бойынша кеңейілген отырыс өтті


Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бейсеуов Ермек Беркінбайұлының төрағалығымен коммуналды қызмет үшін дебиторлық берешекті төлеу,   аудан тұрғын үйлерінің 2016-2017 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындығы және ПИК жұмысының  деңгейін көтеру сынды мәселелер  бойынша кеңес отырысы өтті.



Кеңес отырысына  Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы Дюсембеков Қасым Ермкұлы, "Нұр Отан" партиясы Алмалы ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля Алтынбекқызы, Алмалы ауданы ІІБ жергілікті полиция басшысы Сүлейменов Бегимбек Битимбекұлы, Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын инспекция Басқармасының бөлім басшысы Мадалимов Ақбар Ұлықбанұлы қатысты.    
Алматы қаласы Алмалы ауданы қаламыздың орталық бөлігінде орналасқан , онда 206 ПИК, 69-білім беру нысаны, 28- медициналық мекемелер бар. Ауанның тұрғын үй қоры 1385 көпқабатты тұрғын үйлерден  және 3495 жеке жер үйлерден тұрады.
Жиналыс барысында Алмалы аудандық  "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля Алтынбекқызы сөз сөйледі.



Өз сөзінде ПИК қызметінің айқындығын қамтамасыз ету мақсатында,  аудан әкімінің басшылығымен өткізіліп жатқан жиналастардың маңыздылығын атап өтті. Әрі  ПИК қызметінің жұмысын жүйелендіру және жылдық есебі бойынша  ПБК (Партия бақылау Комиссиясы) отырысын ұйымдастыру ұсынылды.


11.07.2016