Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.09.2017

Алмалы ауданында «Отбасы күніне» орай қайырымдылық іс-шарасы өтті


Алмалы ауданы әкімінің аппараты және Алмалы ауданының Жергілікті қоғамдық бірлестігінің мүгедектер қоғамы «Отбасы күніне» орай, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға қайырымдылық  көмек көрсетілді.



Қайырымдылық көмек көрсетілген азаматтар қазіргі таңда мемлекет тарапынан қайырымдылықты қолдап көп көңіл бөліп,  қолдау білдіріп отырған Алмалы ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы мен демеушілерге өз алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» науқаны барысында Алмалы ауданы әкімі аппараты мен ауданның мекемелері бірлесіп азқамтылған отбасылардың 300-ге жуық балаларына жалпы сомасы - 3 236 630 тг. мектепке қажетті киім-кешектер мен құрал жабдықтар табыстады.  
Алмалы ауданы әкімі аппарты ұйымдастырып отырған қайырымдылық шаралары оған мұқтаж адамдардың керегіне жаратылып отыр, алдағы уақытта,  әлеуметтік көмектер жалғаса бермек.  




Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Отбасы -  болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек-арқауы, жеке тұлғаны  әлеуметтендіру  міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне,шынығуына,рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды, рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын  тәрбиелеуге  ықпал жасаушы,бала тәрбиесінде  адамзат қоғамның  тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы. Елбасы мемлекет – отбасыдан басталатынын және біздің қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығы белгілі.


11.09.2017