Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2017

Алмалы ауданында «Ардагерлер – аңыз болып қалған ерлер!» акциясы өткізілді


Алаты қаласы ОКЖ-нің №4 кітапханасында Қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Ардагерлер – аңыз болып қалған ерлер!» атты мәдени шара өткізілді. Мәдени шараға кітапханадағы «Ардагер» клубының мүшелері, кітапхананың зейнеткер оқырмандары шақырылды. Аталмыш шараның мақсаты – ардақты ардагерлерге, ұзақ жылдар бойы кітапханаға тұрақты келіп жүрген зейнеткер-оқырмандарға құрмет көрсету, мерекелік құттықтаулар жолдау, олардың өнегелі жолын жас ұрпаққа насихаттау. 



Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгінде ортамызда жүрген ардагерлер, зейнеткер-оқырмандар, Отанымыздың, еліміздің өркендеуі жолында, жарқын болашағымыз үшін тынымсыз еңбек етіп, өз үлестерін қосты. Жүректері теңіздей терең қарттарды қамқорлыққа алу, құрмет көрсету -бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Кітапхана қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтап, «Ардагер» клубының ұйымдастырған мәдени шараларымен таныстырып, болашақта өткізілетін мәдени шаралар аясында ой бөлісті. Ардагерлерге арнайы демеушілер арқылы дайындалған мерекелік сыйлықтар (азық-түлік корзинасы) табыс етілді. 


11.10.2017