Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.11.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған концерт


Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №4 оқушылар үйінде Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған   «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»  тақырыбында патриоттық-музыкалық іс-шара  өткізіледі. Өткізіліп отырған іс-шараның  мақсаты, оқушылар бойындағы Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру, өскелең жас ұрпақты елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, мемлекетімізді нығайтуға тәрбиелеу.



Кеш қонақтары  Егеменді еліміздің  өркендеуіне, елінің патриоттарын тәрбиелеуде үлкен  үлес қосып жүрген азаматтар  мен азаматшалар Алматы қаласы Білім басқармасының рухани-адамгершілік тәрбиесінің басшысы Тау Нұргүл, Қазақстан патриоты журналының бас редакторы Қаршалова Раушан Құлжабайқызы, Шеф редактор Бақтияров Еркін Серікқалиұлы,Республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы Жандос Аянбекұлы, Алмалы ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің басшысы Ләззат Тынышбайқызы,
  


Алмалы ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы Ақсұңқар Шәмілқызы.
Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер білім саласында да жетерлік. Өмірдегі барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі. Оқушылар үйінде жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шешендігін шыңдап, түрлі шығармашылықпен айналысып, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген бүлдіршіндердіміз өнер көрсетпек.



Концерттік бағдарламада тәуелсіздікке арналган әндер айтылып,өлеңдер оқылады: «Алға Қазақстан» «Шашу» тобы, «Бипыл» «Дара» би тобы, «Туған ел» Қыдырхан Дана, «Туған жердей жер болмас» «Қыздар-ай» тобы, «Жаса Қазақстан» «Жігіттер» тобы, «Самға» Байбекова Малика, «Халқым туралы ән» квартет, «Туған жер» Игисинова Нурай,  «Қазақпын» «Самға» тобы,  «Тек Алға!» «Шашу» тобы,  «Алматының алмасы» Батурина Таисия, «Атамекен» Сламахын Дінмухамед, Дандыбаев Ахан.


11.11.2016