Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.01.2016

Алмалы ауданында еңбек ардагері Ибраева Мадина Хакимовнаның 80-жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды


И.В. Панфилов атындағы  №54 Қазақстан-Ресей гимназиясында педагогикалық еңбек ардагері Ибраева Мадина Хакимовнаның 80-жылдығына орай салтанатты құрмет көрсетуге арналған іс-шара ұйымдастырылды. 

Аталған іс-шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Нұр Отан партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасының 1-ші орынбасары Найля Ордабаева, Алмалы ауданының білім беру бөлімінің басшысы Берік Байболов, И. В. Панфиловтың немересі Айгуль Байқадамова, ҰОС ардагерлері, жергілікті  атқарушы органдарының өкілдері, мектеп оқушылары мен ата-аналары қатысты. 

Ибраева Мадина Хакимовна – ҚазКРО, КСРО, РСФРО оқу-ағарту ісінің үздігі, 20-жылдан астам Жетісу ауданында білім беру саласында басшылық қызметте болған. Математика пәнінің мұғалімі, №15 мектептің директоры, аудандық білім беру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. 

Іс-шара Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы ауданының білім беру бөлімі, И. В. Панфиловтың немерелері Алуа және Айгуль Байқадамовалар мен ҰОС ардагерлерінің комитеті ұйымдастыруымен өтті.


12.01.2016