Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.01.2017

Алмалы ауданында "Рахмет" күні аталынып өтті


БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен “Рахмет” күні тойланады. А.П. Чехов атындағы қалалық Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары оқу залында бас қосып “Қызықты ақпарат” күнін өткізді.



Бөлім меңгерушісі Баймолдина Ләйла Сабитқызы “Рахмет” күні туралы айтып беріп, шақырылған қонақтармен таныстырды. Бақыт Жағыпарұлы Құтпанбаев- айтыскер ақын Райымбек ауданының “Құрметті азаматы”;  Қазақ радиосы Алматы студиясының редакторы,  Сайлаубай Тойлыбаев – ақын; Сағынбекова Гулзейнеп – Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің кітапханашысы; Талап Қараш – күйші, қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының ақпарат қызметкері; Жұмабаева Алия – М.Дулатов атындағы мектеп гимназия кітапханашысы; Мамедова Лаззат Тынышпаевна – Алмалы ауданы әкімшілігінің мәдениет және тілдерді дамыту болімшінің меңгерушісі.



Осы кісілерге 2016 жылы кітапханада өткен мәдени іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосқаны үшін Алғыс хаттар тапсырылды. 



Сол сияқты кітапханашылар Сманқұлова Л., Асылбекова Қ., Утеулина А., Бәзілжан Ұ.,- “Рахмет” күні әр елде қалай аталып, өтетіні туралы айтып берді.



Келген қонақтар да, оқырмандар да өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Қызықты ақпарат күніне арналған слайдтар көрсетілді. Қызықты өтті. Келген колледж оқушылары кітапханаға жазылды. 




12.01.2017