Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.03.2018

Алмалы ауданында «Физикалық белсенділік» акциясы өтті


Алмалы ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарыБайзақов көшесі, 238  мекен жайында орналасқан"К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің" қызметкерлері мен оқушыларының қатысуымен ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының чемпионы, Атлантадағы Олимпиада жүлдегері Е.С.Ибраимовпен «Физикалық белсенділік» тақырыбында кездесу және акция ұйымдастырылғанын  хабарлайды.Акцияның негізгі мақсаты жастардың спортқа деген қызығушылығын дамыту, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Е.С.Ибраимов өзінің айналысатын спорт түрі және спорт әлемі туралы айтты. Оқушыларды жеңіс жалауынталай мәрте биікке көтеруге,халқымыздың абыройын асырып, патриоттық рухын көтеруге, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына қажырлы еңбек етуге шақырды. Кездесудің соңында оқушылармен суретке түсіп, қолтаңба берді.



Оқушыларға акция барысында 12-17 жас аралығында  сұраныс (анкета) жүргізілді. 20 оқушыдан қандай спорт түрімен айналысатыны, салауатты тамақтану, салауатты өмір салтының денсаулыққа әсері туралы сұралды.  



Акция барысында физикалық белсенділіктің қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді.Тұрақты өмір салты адам денсаулығына теріс әсер ететіні, жүрек-тамыр аурулары, адамның тірек-қимыл аппараты, семіздік және басқа да ауруларын тудыратынын айтылды.


12.03.2018