Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.04.2018

Алмалы ауданының мүгедектер қоғамы мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді


1998 жылы 20 желтоқсанда «Алмалы ауданының мүгедектер қоғамы» мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және оларға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету мақсатында құрылды. Қоғамдық  бірлестік – өз қызметі шеңберінде арнайы қажеттіліктері бар адамдарды  оқыту  мен жұмысқа орналастыру және басқа да қажетті қызметтерді көрсету саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған семинарлар мен тренингтер өткізеді.



Сондай-ақ Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алмалы ауданының мүгедектер қоғамының өміріне тікелей қатысып, барлық көмек пен қолдауды көрсетеді. 



Сонымен қатар, биылғы жылы Алмалы ауданы әкімінің аппараты және «Альянс» ЖШС-нің қатысуымен мүгедектер қоғамы мекемесіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мекеменің құбырлары мен радиаторларын бояу, ішкі есіктерін ауыстыру және мүгедектерге қолжетімді ортаны құру мақсатында бейімдеу жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстардан кейін мүгедектер қоғамы мекемесі барлық ережелер мен стандарттарға сәйкес келіп қолайлы жағдайлар жасалынды.



Алмалы ауданы мүгедектер қоғамының мәселелерін шешуге қатысып, назар аударғандары үшін Алмалы ауданы әкімінің аппаратына айрықша алғыс білдірді. 


12.04.2018