Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.05.2018

Алмалы ауданында «Қала бағында үрмелі оркестр ойнайды» атты акция өтуде




«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және  «Белсенді ұзақ өмір сүру» зейнет жасындағы қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған қалалық бағдарлама аясында ауданындағы «Мәншүк және Әлия» саябағында  «Қала бағында үрмелі оркестр ойнайды» атты акция өтуде.







Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында еліміздің батыр қыздарына арналған «Мәншүк және Әлия» саябағында  әр жексенбі күндері  А. К. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының үрмелі оркестрі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің талантты өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, әскери әндер орындап, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырды.







Акцияның өтетін орны кездейсоқ таңдалмаған, яғни, бұл Кеңес Одағының батырлары Әлия мен Мәншүк ескерткіші орнатылған қаланың орталық алаңы. Іс-шараға аудан ардагерлерлері мен зейнеткерлер, сондай-ақ сүйікті әндері мен күйлерін тыңдап, жастық шақтарын еске алып, билеуді ұнататын қаламыз бен ауданымыздың  тұрғындары және қонақтары қатысты. 







1941-1945 жж Ұлы Отан соғысының Жеңісіне орайластырылған  атаулы іс-шара мамыр айының соңына дейін  әр жексенбі күндері өткізіледі.


12.05.2018