Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.06.2017

Алмалы ауданында Иранбек Оразбаевтың 70-жылдығына орай әдеби оқулар өтті


ОКЖ-нің №4-кітапхана бөлімшесінің Абонемент бөлімінде күллі қазаққа Иран-Ғайып есімімен танылған дара ақын, жазушы  Иранбек Әбітайұлы  Оразбаевтың туылғанына 70 жыл толуына орай, кітапхана оқырмандарымен «Тебіренісі терең, толғанысы асқақ ақын» атты әдеби оқу өткізіліп, «Таланттан тақ мінген дара ақын» атты кітап сөресі ұйымдастырылды.



Бұл шараның мақсаты: кітапхананың жас оқырмандарына қазақ сөз өнерінде, өлең өнерінде өзіндік өрнегін салған тұлға жайында ақпарат беріп, ой бөлісу. Кітапхана оқырмандары, қазақ өлеңіне өзгешелікпен келген ақынның  өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмір жолымен, шығармашылығымен, ақын жайындағы тың деректермен таныс болды. Иран-Ғайып шығармашылығының ерекшелігі – лирикалық туындыларында бүкпесіз ақтарыла жазып, өзіне сендіре білу құдіретінде.



Иранбек Оразбаев 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда обылысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Ақын 1970 жылы Қазақ Политехникалық институтының тау-кен факультетін бітіреді. 1980 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген. Түрлі қызмет атқарған ақын, Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялық репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметін атқарған. 1998 жылдан  Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекттік Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарады.
Ақынның алғашқы жыр жинағы «Жүрек жырлайды» деген атаумен 1974 жылы жарық көрді. Кейін «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?» және тағы басқа көптеген еңбектері өлеңдері мен пьессалары жарық көрген.


12.06.2017