Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.10.2017

Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тілдарын» аудандық байқауы өтті


Байқауға 18-22 жас аралығындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар қатысып, жеңімпаз атанғандар қалалық байқауға жолдама алды. Іс-шара Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тіл саясатын насихаттау және халқымыздың рухани бірлігін  нығайту мақсатында ұйымдастырылды.



Қатысушылар аталмыш байқауда 3 кезеңде сайысқа түсті. Алғашқы кезең берілген тақырыпқа сәйкес тұсаукесер жасау, яғни үш тілде тақырыпты ашу болды. Екінші кезең үш тілде эссе жазу, ал үшіншісі берілген мәтінді үш тілге аудару. 
Байқау жастардың білімге құштарлығын, үш тұғырлы тіл саясатына икемділігін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің студенті Марат Айгерім иемденді. Ал екінші мен үшінші орын Қазақ-Ресей медициналық университетінің студенттері Исмаил Аружан мен Мыңжасарова Индираға бұйырды.



Жалпы байқауға студенттерден бөлек, медицина, өнеркәсіп, білім т.б. салада қызмет атқарып жүрген азаматтар белсенді қатыса білді. Әділ-қазылардың айтуынша шешім қабылдау шын мәнінде қиындыққа соққанын ескертті. Себебі, әрбір қатысушының жеңіске талпынысы, білімге ізденушілігі мол екенін атап өтті.
Қатысушылар құрмет грамоталары мен өзге де сыйлықтармен марапатталды.    




12.10.2017