Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.10.2018

Алмалы ауданы қарттарына «Persona Grata» мейрамханасы «Қарттар айы» аясында тқайрымдылық түскі ас сыйлады


«Қарттар айын» атап өту жыл сайын үзілмейтін жақсы дәстүрге айналған іс. «Қарттар айына» арналған аудандық іс-шаралардың бірі  «Persona Grata»  мейрамханасында қарт адамдар үшін дайындалған қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды. 



Мерекелік дастархан басына аудан ардагерлері, тыл еңбеккерлері және зейнеткерлері жайғасыты. Қариялар  ізгі тілектер тыңдай отырып, арнайы әзірленген дастарханнан дәм татты. Жиылған қауымға мейрамхана ұжымының әзірлеген ас мәзірі көп түрлілігімен қуантты. Бұл күні көптен бері бастары қосылмаған қариялар бір-бірімен қол алысып құшақ алмасты. Дастархан басында қарттарымыз, өздерінің өткен өмірлерін еске алып, әндер шырқап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. 



Мейрамхана ұжымы келген қонақтарды мерекелерімен  құттықтап, ардақты қарттарымызға денсаулық, ұзақ өмір және жақсылық тіледі. Мерекелік іс-шара соңында қонақтар мейрамхана ұйымдастырушыларына  алғыс айтып, ақ батасын берді.  



Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан, ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде ханына сүйеу, халқына тіреу, басына бағдаршы, жасына ақылшы болатын қарттарымыз қашан да аман болсын дегіміз келеді.


12.10.2018