Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2016

Ардагерді құттықтау


Ұлы Отан соғысының ардагері Берденов Әбен үшін туған күн туыстары мен жақындарының ғана емес, И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясының оқушыларының құттықтауларынан кейін басталды. 



Мереке күні Әбен ақсақал қонақтарды өз үйінде қуанышты көңіл күймен қарсы алды. Ардагерді мерекесімен құттықтай отырып, оқушылар оған мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеп, гүл мен тәттілер ұсынды. Ал ақсақал балаларға батасын берді.  Балалардың пікірі бойынша, мұндай кездесулер соғыс туралы әңгімелердегі шынайы кейіпкерлер тірілетін, оқулықтарда баяндалған құрғақ деректерді жандандырып, барынша түсінікті ететін нағыз тарих. Одан басқа, екі ұрпақ арасындағы байланыс жүзеге асырылып, тарихи жады жаңғырады. 
Мектеп оқушыларымен кездесу барысында достық әңгіменің тиегі ағытылды. Ардагердің айтары көп еді. 1917 жылы 7 қарашада Қарағанды облысы Ұлытау ауылында дүниеге келген. Ол бүгін де соғыстың алғашқы күндерін сол баяғыдай есінде сақтаған. Майданға 1941 жылдың 15 тамызында 24 жасында Қазақ педагогикалық институтының соңғы курсында оқып жүріп, сессиясын енді жапқан кезде  алынады. 1938 жылы ол Алматыдағы ҚазПИ химия-биология факультетінің бірінші курсына түскен екен.



1941 жылғы желтоқсан айында бірінші рет жараланып, госпитальға жөнелтіледі. Одан соң Батыс шебінде 449-шы атқыштар полкінде болады. 1942 жылы Ржев маңында екінші рет жараланады. Оқ жүрегін жанай өткен екен, командир оны қайтыс болды деп ойлап, үйіне «қара қағаз» жөнелтеді, бірақ Әбен Тұрсынбайұлы аман қалады. Ұлы Отан соғысының ең қанды бөлігі – Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан. 1941 жылы Әбен ата өзінің Мәскеуді қорғағаны үшін  1-ші естелік орденін, Отан алдындағы сіңірген ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз Орденін және 1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы Орденін иеленеді. Әбен Тұрсынбайұлының костюмінде төсбелгілер мен марапаттары көп ілінген.
1945 жылғы 15 қарашада ол әскерден қайтарылады, бірақ Отанына тек 1,5 ай өткенде ғана оралады. Соғыс аяқталған соң институтты аяқтап, еңбек жолын  Әбен Тұрсынбайұлы қатардағы оқытушы, мектепте оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметінен бастайды. 1977 жылдан бастап – еңбегі сіңген зейнеткер. Қария жеті баланы тәрбиелеп өсірген, бүгінгі таңда немере мен шөбере сүйіп отыр.
 




12.11.2016