Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Алмалы ауданында кәсіпорындарда ең төмен жалақы алатын қызметкерлердің ең төменгі жалақысын көтеру мүмкіндігі талқыланды


Алмалы ауданы әкімінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыстарды және өмір сүру сапасын арттыру» Жолдауының аясында жиналыс өтті. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова Айнұр Серікқызы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.





Кездесуге Алмалы ауданы «Нұр Отан» партиясының филиал төрағасының бірінші орынбасары Албисенов Ерлан Ибрагимович; Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бастығы Разаков Талғат Кошенұлы; Алматы қаласының кәсіподақтар аймақтық қауымдастығының төрағасының орынбасары Несіпқалиев Алмас Жұматұлы; Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Абуов Даурбек Кеңесұлы, сондай-ақ ауданның жеке меншік кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.





Талқылаудың басты мәселесі жалақысы 50 мың теңгеден төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру болды және «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жібек жолы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламалары бойынша ағымдағы жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары шығарылды.



Жаңа өндірістер мен кәсіпкерлік субъектілерін ашу және жаңа жұмыс орындарын ашу міндеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Жылдың басынан бастап белгіленген 4000 жоспардан  2516 жұмыс орны құрылды, орындалуы 62,9% құрады. Оның ішінде: сауда -879, көлік және байланыс кәсіпорындарында - 134, білім беруде - 74, денсаулық сақтауда - 4, құрылыс саласында - 54, экономиканың басқа секторларында - 1371.












12.11.2018