Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.07.2015

Алмалы ауданы бүлдіршіндері алғашқы интерактивті-ойын-сауық, танымдық EVRIKUM ғажайыптар саябағына саяхат жасады


Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында ауданның бүлдіршіндеріне арналған «MegaPark» ойын-сауық орталығында ашылған алғашқы интерактивті-ойын-сауық, танымдық EVRIKUM ғажайыптар саябағына саяхат ұйымдастырды.

Саяхат барысында балалар ғылым саласында түрлі ақпараттарға хабардар болып, арнайы саябақта бөлінген аймақтарды: Айналы лабиринт, Айналмалы тунель, Гравитациялық бөлме, 90-градустық бөлме, IQ-аймақтары, Фото-бөлме, Эймс бөлмесі және т.б. тамашалады.

Ғажайып саябаққа саяхат барысында балалар түрлі экпозицияларды көріп, өздігінен физика, оптика, гравитация, акустика, механика және тағы басқа ғылым салалары бойынша экперимент жасауларына мүмкіндіктері ашылды. EVRIKUM саябағындағы экспозициялар мен аймақтарды зерттеу арқылы балалар өздеріне қызыққа толы ғылым әлеміне жол ашты.

Ауданның балаларына арналған осындай іс-шаралар бүкіл жаз бойы аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер мен балалар кинотеатрлардан қызықты жаңа көрсетілмдерін тамашалап, түрлі көптеген спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға шақырылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы, Алматы қ. Ішкі істер департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

13.07.2015