2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.10.2015

«Адамдар үшін қаланы көліктерден босатамыз» ұранымен бірінші «Ашық көшелер» фестивалі өтті


Жексенбі күні Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары көліктерден босатылған көшелермен қалай еркін жүріп дем алуға болатынын сезінді.

Іс-шараны өткізу мақсатында қаланың Қарасай батырПанфиловАбылай ханАйтеке би орталық көшелері күннің бірінші жартысында автокөліктердің қозғалысы үшін жабылды.

Тұрғындар үшін ашылған көшелерде жаяу қыдырып, велосипед айдап, би және спорттық конкурстарға қатысып, керемет әсер алуға мүмкіншілік болды. «Ашык көшелер» мерекесіне келген қала тұрғындары мен қонақтары кроссфит, сурет салу, зумба биінен мастер-класстарға қатысып жол қауіпсіздігі туралы көріністерді тамашалады.

Алаң аймағында орналасқан қалалық жылжымалы  кітапхана әдебиет әлеміндегі жаңалықтармен танысуға көмектесті. 

Панфилов көшесіндегі метро станциясында велосипедтерді жалға беру ұйымдастырылды.

Open Streets – бұл әлемнің 500 ден астам қалаларында бұрыннан өткізіліп келе жатқан,  әдетте автокөліктерден босамайтын қала кеңістігін адамдарға уақытша ұсынуды білдіретін   алуан түрлі қоғамдық бастамалар. Осылайша адамдардың еркін және қауіпсіз қозғалуына,  әлеуметтендіруге, сау және белсенді өмір сүруді жылжытуға, отбасы мен жергілікті қоғамдастықтарды  дамытуға және нығайта түсуге  жағдай тудырылады. 

Фестиваль Алматы қ. Әкімдігінің және БҰҰДБ/ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасының қолдауымен өткізілді.

Іс-шараны қолдағандар: Вело Алматы  және Велостан бастамашы топтары, Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы,  «Жалпы жол» Жол Қозғалысының Қауіпсіздігі ассоцияциясы, Reactor Crossfit,  «Tōki Tōki», «Habana Buenos Aires», «Умай», «Воздушные замки», ЙогаДом студиялары, БоТа , Tayniy Sovetnik Ogilvy PR арт-студиялары, Dance Walking Almaty қозғалысы және т.б.


13.10.2015