Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.02.2019

Алмалы ауданының әкімі Торғаев Бекқали көп балалы аналармен кездесті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алмалы ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаевтың көп балалы аналармен кездесуі өтті.





Кездесуге сондай - ақ: Рымкулова Сандуғаш - ҚБ "Алмалы ауданы көп балалы отбасылар одағы" төрайымы; Торғаев Талғат - Алмалы  ауданының МКД бастығының орынбасары; Құстұтұнов Сакен – ТЖ бөлімінің бастығы; Агибаева Фарида - Алмалы ауданының бас дәрігері;  Ералиева Гүлмира - Алмалы аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы; Айжан Қалиева - Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы; Құлмабеков Серік - Алмалы аудандық ЖПҚ бастығы; Жаханов Рустам - білім бөлімінің басшысы; Жақсығұлова Сәуле - «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы департаментінің Алмалы аудандық бөлімінің басшысы; Әлбисенов Ерлан - "Нұр Отан" партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 

  

Кездесу барысында көп балалы аналар Әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беру, мектептерде тегін тамақтану, тұрғын үй беру, жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселелерін көтерді. Бекқали Нұрғалиұлы көп балалы аналардың мәселелерін тыңдап, әрбір нақты жағдай бойынша көтерілген барлық мәселелерді жеке қарауға тапсырма берді.



Бүгінгі күні Алмалы ауданында 764 көп балалы отбасы тіркелген, 94 "Алтын Алқа" иегері, 173 "Күміс Алқа" иегері, 29 адам 1 және 2 дәрежелі "Ана даңқы" құрмет белгісімен марапатталды, 25 адам "батыр ана" құрмет белгісімен марапатталды. 


13.02.2019