Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.03.2017

Тамара Асар ұшқан ұясында


Қыздар университетінде «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген атпен Қыздар университетінің түлегі, «Құрмет» орденінің иегері, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, елімізге танымал әнші Тамара Асармен кездесу кеші болып өтті.



Жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, музыкалық талғамдарын дамыту, жетістікке жетуге баулу, өнері мен өмірі жарасқан тұлғаларды үлгі ету мақсатында өткен кеш Өнер және мәдениет факультеті, Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 4 курс студенті Қойшанова Сабинаның ұйымдастыруымен өткізілді.



Тамара Асардың шығармашылығына арналған кеш өмірі мен өнерінен сыр шертетін бейнефильммен басталып, ортасы нағыз сыр-сұхбатқа, соңы керемет, әсерлі концертке ұласты. Тамара Асар кездесу барысында өзінің балалық шағы, отбасы, туып өскен өлкесі, студенттік шағы, сонымен қатар, шығармашылығы мен өмірі жайлы басынан өткерген біршама қызыққа толы оқиғаларымен бөлісті.



Студенттер тарапынан қойылған толассыз сұрақтарға жауап беріп, тағылымды әңгімелер айтты. Әсерлі де, әсем кеш барысында әншінің ізін жалғастырушы жас өнерпаз қыздар Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 4 курс студенті Байымбетова Бақытжамал мен 1 курс студенті Толеуғалиева Ақтоты өнерлерін көрсетіп, әншінің ақ батасын алды. Еліміздің сүйікті әншісі, өнерімен жастарға үлгі болған Тамара Асар да әннен шашу шашып, әсем даусымен тыңдармандарын сүйсінтіп, студенттердің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.



























Кеш соңында қазақ эстрадасының сұлу сүмбілесі, қара шаңырақтың түлегі Тамара Асар құрметті де, сыйлы қонақтарға табыс етілетін Қыздар университетінің «Құрмет орденімен» марапатталды. Оны білім ошағының Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Зәуреш Сабырова табыс етті. «Еліміздің бас қаласы Астанадан арнайы келіп, алтын уақытыңызды бөліп, сырлы кешіміздің сәнін келтіргеніңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
Керемет әсерлі де тағылымды кеш болды. Жастар бүгінгі кездесуден өздері үшін көп дүние алды деп ойлаймын», деп шығармашылығына шалқар шабыт, еңбегіне табыс тіледі.
Баршаға белгілі әнсүйер қауымның ерекше iлтипатына бөленген, бүкіл халқымыздың сүйіктісіне айналған қазақтың нәзiк те қайсар қызы Тамара Асар ұзақ жылдан бері қазақ эстрадасында өнерімен, сұлу сымбатымен, сыңғырлаған үнімен тыңдармандарды сүйсінтіп, көпшіліктің сүйікті әншісі болып келеді.



Бала кезден өнерді жанына серік еткен әнші Ақтаудағы музыка мектебінде білім алған. 8-ші сыныптан бастап Алматыда оқып, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Музыка-педагогика факультетін бітірген. Өнердегі еңбек жолы Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы Мұрат Өскімбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында басталған. «Отырар сазы», «Ақжауын», Абыл Тарақұлы атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен және жаңашыл эстрадалық жанрда жеке ән орындауында халыққа кеңінен танымал. Өзінің ерекше талап-талантымен өнерін өрнектеп келе жатқан әншінің «Ариайдай», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жалғыз досым», «Ренжімеші», «Сол бір қыз» атты әнбаяндары бар. Оның «Жаным неге» атты бейнебаяны Қазақстан тарихындағы алғашқы анимациалық «3D» форматында жасалынған. Қазақ өнерінде өз орнын қалыптастырып үлгерген әнші туралы 2001 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Арманның ақ желкені» атты деректі фильм түсірілді.


.


13.03.2017