Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.03.2019

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.





Комиссия отырысына Алмалы  ауданы әкімінің орынбасары, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының төрайымы – Бекжанова Айнұр Серікқызы және комиссия мүшелері мен  комиссия хатшысы қатысты.



Комиссия отырысы барысында кәмелетке толмаған балалардың бірнеше іс-құжаттары қаралып, талқыланды. Комиссияға келіп түскен барлық сұрақ арыздар қарастырала келе, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау мақсатында, іс-құжаттары қаралған балалармен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді және  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабына сәйкес ата-анасының немесе басқа да заңды өкiлдерінің кәмелетке толмаған балаларының тәрбиелеуі мен оқытуы жөнiндегi мiндеттерің орындамағаны үшін шара қолдану шешімі қабылданды.
13.03.2019