Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.04.2018

Алмалы ауданында «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды» атты патриоттық акция өтті


И.В.Панфилов атындағы №54 Қазақ-Ресей мектеп-гимназиясында  Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас Консулдығымен ұйымдастыруымен «Фронттан келген хат» республикалық әдеби байқауы аясында «Ешкім де   ешқашан да  ұмытылмайды!» атты патриоттық акция өткізілді.



Акцияны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігіне қарасты Ауған соғысына қатысушы ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігі; Алматы қаласының ардагерлер кеңесі; Алматы қаласы Білім басқармасы Алмалы ауданы әкімінің аппараты және аудандық білім бөлімі.



Іс-шараға Ресейн, Армения, Қазақстан және Эстониядан келген қонақтар қатысты. Қонақтарға Ленинград облысының Кировск қаласының   аудандық кеңес мүшесі, ауданның құрметті  тұрғыны,  «РосВоэнстрой» компаниясының негізін қалаушы Погосян Храчия Мисакович, генерал И.В. Панфиловтың    немерелері Алуа және Айгүл Байқадамовалар, «Контртерроризм» комитетінің төрағасы Аманжол Оразбаев қатысып сөз сөйледі.





Шара аясында аңызға айналған Панфилов мектебінің оқушылары дайындаған мерекелік концерт өтті, бірінші сынып оқушылары салтанатты марш жүріп өтті, сегізінші сынып оқушылары сап түзеу жаттығуын жасады, ал  Милла Милсейітова мен Алан Луканин «Майданнан келген хат» өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып берді. Салтанатты бөлімнің соңында барлық шақырылған   қонақтар  мектептегі Панфилов мұражайына барды.



Акция соңында жастардың патриоттық тәрбиесіне және Мәскеу үшін шайқастың 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қосқан зор үлестері үшін Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Ляззат Мамедова; Ресей Федерациясының Алматыдағы консулы Ирина Переверзева «Бессмертный полк России» Бүкілресейлік Қоғамдық Кеңесінің  алғыс хатымен марапатталды.


13.04.2018