Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.04.2018

Алмалы ауданы «Ай-Бала» балабақшасында Наурыз майрамы өтті


Алмалы ауданының әкімі аппаратының қолдауымен «Рухани жылу» бағдарламасы аясында «Ай-балақ» балабақшасында   «Наурыз» мерекесін атап өтті.



Көктемді қарсы алу   шарасына Алмалы ауданы әкімінің орынбасары   Айнұр Бекжанова; Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің башысы Ляззат Мамедова; Қазақстан еркін күрес одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейдегі 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков және басқа да құрметті қонақтар қатысты.



Наурыз - көктем мерекесі, табиғаттың  жаңаруы. Бұл ежелгі мейрам ежелгі дәстүрлердің сабақтастығын сақтап, көпұлтты Қазақстанның барлық халықтарының сүйікті мерекелерінің бірі бола отырып, заманауи өмірге үйлесімді түрде айналған мереке.





Ел болам десең бесігіңді түзе демекші Республиқалық Қарттар жылына орай «Әжелер мектебі» бастауы да осы балабақшадан басталмақ. Оны «Қыран» федерациясынын атқарушы директоры,журналистер одағының лауреаты, Муптекеқызы Бағдат бастаған әжелер тобы келіп салт-дәстүрімізді дәріптеп бесікке салу рәсімін өткізді. Әжелер мектебінің негізгі мақсаты, балаларға ертегі айтып, жастайынан оларға өнеге, тәрбие беру, ал ата-аналарына ақыл-кеңестерімен бөлісу.



Жиналған көрермендер үшін бала бақша балалары мен ересектердің қатысуымен түрлі-түсті костюмерлік қойылым көрсетілді. «Ай-бал» балабақшасының тәрбиеленушілері   Наурыз мерекесіне орай би билеп,   өлең айтып, ән шырқады. Сондай ақ қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсете отырып, ұлттық мәдениетті насихаттады.  







Адам баласының өмірге деген алғашқы қадамы түзу да адал болуды білдіретін тұсау кесу рәсіміне мерекеге келген құрметті қонақтар да  қатысты.  Бұл рәсім өмір жолының ашылуын бейнелейді.





Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.



Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.



Сөз соңында Наурыз мейрамын «Ай-бала» балабақшасының директоры Естемесова Жарқынай Жұмаханқызы  жане меңгерушісі Наметкулова Индира Мұратбеқызы қорытындылады. 









Сондай ақ шашу, бет ашар,тұсау кесер сынды ұлттық дәстүрлер көрсетілді. Балабақша мерекесі дәмді ұлттық тағамдарға толы ақ дастарған басында жалғасты.




13.04.2018