Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.06.2016

Алматы қаласындағы А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада «Алаштың арда азаматы – Қайым Мұхамедхановқа 100 жыл» арналған іс-шара өтті


Алматы қаласындағы А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада, көрнекті абайтанушы ғалым, жазушы, аудармашы, ақын, драматург Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына арналған «Алаштың арда азаматы – Қайым Мұхамедхановқа 100 жыл» атты әдеби- танымдық кеш өтті.  



Қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, сонымен қатар Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттап жарыққа шығарған және Мұхтар Әуезов шығармаларының білгір маманы, энциклопедист ғалым, ақын, жазушы драматург, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың есімі күллі қазақ жұртына жақсы таныс екені мәлім. Әдеби-танымдық кештің мақсаты – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер ғалымның ел болашағы жолындағы ерен еңбектерін бүгінгі ұрпаққа таныстыру. 
Әдеби-танымдық кеш 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен сәйкес келіп отырғандықтан 1 минут үнсіздіктен басталды.
  


«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп халық даналығында айтқандай, Қайым Мұхамедхановтың мұрасы болашақ ұрпаққа өнеге екені даусыз. Кешке қатысушылар ғалым өмірінің әр қырына тоқталып, өнегелі өмірінен сыр шертті. Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы қоғамдық қорының директоры Дина Қайымқызы ұлағатты ұстаздық жолы мен ғұлама ғалымдығы жайында әңгімеледі. Қайым Мұхамедхановтың өлеңдері, поэмалары, аударма өлеңдері өз алдына бір төбе. Ғалымның ақындығы жайында абайтанушы филология ғылымдарының кандидаты Жабалбай Алшынбекұлы Шойынбетов сөз тарқатты. 
Филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Айгүл Смақова да көрнекті ғалым туралы естеліктер айтты. 
Одан да басқа қонақтарымыз Мұхамедхан Зинайда Жалмағамбетқызы, Машақова Айнұр Қасымжанқызы, Мәдібаева Қанипаш Қосанқызы  да ғалымның шығармашылығы жайлы баяндады.



Студент жастар ол кісінің өлеңдерін оқыды.  Көрнекті ғалымның шығармашылығы және өмір жолын баяндайтын бейнетаспалар көрсетілді. Сондай-ақ «Алаштың арда азаматы» атты ғылыми еңбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ол көрмеде кітаптарымен қоса, балалары сақтаған документтері, Карлагта өткізген ауыр репрессия жылдары жөнінде құнды мәліметтер келтірілген. 
Кеш соңында әдеби-танымдық кешті ұйымдастырушы Шолпан Қордағалиқызы Дүбірбаева келген қонақтарымызға рахметін айтып сый-сияпатын жасады. Қонақтар бейнетаспа, слайд арқылы көптеген деректі мағлұмат алып, зор әсермен тарасты.   


13.06.2016