Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2017

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жаңа ректоры тағайындалды


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев арнайы келіп, Қыздар университетінің басшысын таныстырып, ректор қызметін атқару туралы бұйрығын оқыды. Қазақ қыздарының қарашаңырағы – Қыздар университетіне ректорлық қызметке педагогика ғылымдарының докторы, профессор Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызы тағайындалды.



Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қазақ мемлекеттік қыздар университетінде Динар Нөкетаева ректор қызметін атқарған болатын. Д. Жүсіпәліқызы өзі басшы болып тұрған 6 жыл ішінде Қыздар университетінің толымды жетістіктеріне тоқталып өтті. Мәселен, үстіміздегі жылы Ұұлттық рейтинг нәтижесі бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті педагогикалық оқу орындары ішінде үздік шығып, I орын иеленген болатын. Экс-ректор Д. Нөкетаева осы және өзге де университет тарихына, оқу үдерісіне, тәлім-тәрбиесіне, ғылым-білім саласына қатысты жетістіктермен бөлісіп, мазмұнды баяндама жасады.



Алдамбергенова Гаухар Туремуратовна-
педагогика ғылымдарының докторы, «Педагогика» мамандығы бойынша ЖАК профессоры. Жалпы жұмыс өтілі 29 жылды құрайды, оның ішінде 20 жылдан білім беру ұйымдарында басшылық қызметте болған. 
Гаухар Туремуратовна еңбек қызметін оқытушы қызметінен бастап, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор деңгейіне дейін жеткен. Бұдан бұрын әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жұмыс жөніндегі проректор, ректордың міндетін атқарушы және басқа да лауазымдарда жұмыс істеді. 
100-ден аса ғылыми мақала, 2 монография, 2 оқу құралы, 10 оқу-әдістемелік құралының авторы. Ғылыми қызығушылық салаларына педагогика, тәрбие, моральдық-этикалық өзара қарым-қатынас, қазақ тілі кіреді. 



Біліктілік курстарынан тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде: Ресей, Әзірбайжан, Германия, Ұлыбритания, Италия, Чехия, Түркия және т.б елдерде өткен. «Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы», білім беру ісінің құрметті қызметкері марапаттарының, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалі және «Құрмет» орденінің иегері.


13.09.2017